Кореяда 2 аттам жерде тамақ көп🤭 Тамақтар өтееееее көп болғаны соншалық, санап бітіре алмайсың Алайда, біз, қазақтар үшін қанша көп астың ішінен дәмдісін табу өте қиын. Сіздерге видеода ең дәмділерін шығарып қойдым. Тамақтан қиналғанымыз соншалық “такальбиді” күнде жеуге тура келеді😅 Кореяда тамақ арзан және қаншалықты асхана көп болса да, бір-бірін көшірмейді. Әр асхана, мейрамхананың өз авторлық рецепті, (подачасы) бар. Ащыны барлық аспен қосып жейді. Тағы ескеретін факті кәрістер өте жиі тамақтанады. Бір күнде 7-8 рет ыстық тамақ жейді🫢 Көбіне доңыз етін тұтынады. Кореяға келгенде шұжық, кфс, бургер, етпен ас ішпегеніңіз жөн. Себебі еттері халал емес иттің, не доңыздың еті болуы мүмкін. Дұрысы, тек тауық етінен әзірлерген ас ішіңіз. Видеода көрсеткендей ең дәмді ас “Такальби” жесеңіз ұтылмайсыз😍 Қатты ащысын алып қоймаңыз) Starbucks-та кофемен бірге видеодағы пирогты жеп көріңіз😋 өте дәмді, балалық шаққа түскендей әсер береді Бананды сүт ішіңіз😋 Дәмі аузыңызда қалады, оны Кореяға келіп тұрып ішпеу күнә сияқты Балық сорпалары жақсы👍 Көше тамақтарын жеп көрмедім🙂 себебі еттен жасалғандықтан Ал сіз Кореяға келіп,қандай ас ішуді армандайсыз? #кореяеда #корея🇰🇷